A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізудің басталатындығы туралы хабарлама

«Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 281 бұйрығымен бекiтiлген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекiтiлген Денсаулық сақтау субъектiлерiнен ТМККК және МӘМС шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қағидаларына сәйкес 2019 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейiн азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрi — МСАК ұйымы) көрсететiн денсаулық сақтау субъектiлерiне тiркеу кампаниясын жүргiзудiң басталатындығы туралы хабарлайды.

Тiркеу кампаниясы тек ТМККК шегiнде және МӘМС жүйесiнде медициналық көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге үмiткер Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң деректер қорында тiркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткiзiледi.

Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң деректер қорыәлеуметтiк медициналық сақтандыру қорының https://fms.kz/ru/select-medical-inst интернет-ресурсында орналастырылған.

Азаматтарды тiркеу МСАК ұйымдарында олардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетiп, тiкелей немесе жазбаша өтiнiшi бойынша, сондай-ақ «электронды үкiметтiң» веб-порталы арқылы өтiнiш жасағанда жүргiзiледi.

Он сегiз жасқа толмаған адамдарды тiркеу тiркелетiн адамның және оның заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың бар болу кезiнде жүргiзiледi.

Мақаланың шыққан күні: 05.09.2019
Қаралым саны: 204

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz