A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Көкшетау өрт сөндірушілері АИТВ туралы көп білді

2019 жылы 26 қыркүйекте Ақмола облыстық ЖИТС-пен күресжәне алдын алу орталығы күрес орталығы Көкшетау қаласының мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмiнiң қызметкерлерiмен кездесу өткiздi.

Iс-шара барысында алдын алу бөлiмiнiң социологы Н. Конуспаев Ақмола облысы бойынша АИТВ-жұқпасының берiлу жолдары мен алдын алу әдiстерi, эпидемиологиялық жағдай мәселелерiн қозғады, мүмкiн болатын кәсiби қауiп-қатерлердi анықтады. Дәрiскер АИТВ-мен өмiр сүретiн адамдарды кемсiтуге жол берiлмейтiнiн ерекше атап өттi, өйткенi олар жұмысқа орналасуға, жалпы негiзде бiлiм беру және медициналық қызметтердi алуға тең құқылы.

Бұдан басқа, кез келген адам өзiнiң мәртебесiн бiрнеше минут бойы бiлiп, АИТВ-ға жедел әдiспен тексеруден өте алды. Осындай кездесулер Көкшетау қаласының барлық өрт сөндiру бөлiмдерiнде өттi.

Кездесу соңында презентатор аудиторияның сұрақтарына жауап берiп, ақпарат берiлгенге дейiн және одан кейiн АИТВ-инфекциясы мәселелерi бойынша сауалнама жүргiздi.

Мақаланың шыққан күні: 26.09.2019
Қаралым саны: 88

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz