A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Денсаулығыңызды қорғаңыз

Онкологиялық ауруларға күдiктенген пациенттер тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде қымбат тексеруден өте алады, — деп хабарлайды Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Фатима Россолова.

Қатерлi iсiкке қарсы күрестi жүзеге асырудың кешендi жоспарын орындау үшiн халықтың қаржылық жүктемесiн азайту басымдық болып табылады. Онкологиялық аурулар бойынша диагноздарды нақтылау үшiн зерттеулердiң қымбат түрлерiн жүргiзу үшiн қосымша қаражат бөлiнедi, бұл онкологиялық жағдайларды анықтау санын ұлғайтуға және емдеудi уақытында бастауға мүмкiндiк бередi.

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде қатерлi iсiктер мен обыр алды ауруларына күдiктенген пациенттер тексеруден өте алады. Бұл санатқа жататындар емханадан қосалқы мердiгерлiк шарт жасалған медициналық ұйымдарға жiберiледi.

- Халық арасында профилактикалық тексерулердiң, скринингтердiң және өз денсаулығы үшiн ортақ жауапкершiлiктiң рөлi туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын тұрақты негiзде жалғастыру және күшейту қажет. Бiз ең көп таралған қатерлi iсiктiң үш түрi бойынша скрининг жүргiземiз: сүт безi қатерлi iсiгi, әйелдердiң жатыр мойны обыры және еркектерге тiк iшектiң колоректальды қатерлi iсiгi. Оларды ерте сатысында оңай анықтауға болады.

Қазақстандықтардың тексерiлуден тегiн өтуге және ауруды дер кезiнде анықтауға мүмкiндiктерi бар, — дейдi, Көпбейiндi облыстық аурухана директорының онкология қызметi жөнiндегi орынбасары Майя Металовна Абдрахманова.

Мақаланың шыққан күні: 04.09.2019
Қаралым саны: 162

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz