A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Хабарландыру

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде медициналық қызметтер көрсетуге үмiткер денсаулық сақтау субъектiлерiнiң дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектiлерiнiң арасында тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және (немесе) мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң көлемдерiн орналастыру рәсiмiн өткiзу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы Әуезов көшесi, 268- үйде орналасқан "Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiнде денсаулық сақтау субъектiлерiнен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қағидаларын бекiту туралы» бұйрығының 57-тармағына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде медициналық қызметтер көрсетуге үмiткер денсаулық сақтау субъектiлерiнiң дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектiлерiнiң арасында 2019 жылға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде медициналық көмектiң түрлерi/медициналық көмектiң нысандары/ қызметтер* бойынша:

1) профилактикалық тексерулер;

2) стационарды алмастыратын көмек;

3) стационарлық көмек;

4) қалпына келтiрушi ем және оңалту;

5) паллиативтi көмек және медбикелiк күтiм;

6) патологоанатомиялық бюроның қызметi;

7) туберкулезбен ауыратындарға медициналық көмек;

8) инфекциялық ауруларымен ауратын науқастарға медициналық көмек;

9) онкогематологиялық науқастарға медициналық көмек;

10) кешендi жан басына шаққандағы нормативiне енгiзiлмейтiн консультациялық-диагностикалық қызметтер:

- ортодонтиялық көмек көрсету кезiнде жақ тiсiнiң аномалияларын жоюға арналған ортодонтиялық пластинаны қолданатын, бет-жақ аймағының туа бiткен патологиясы бар балаларға көрсетiлетiн қызметтер;

-анестезияны, от жасалған және химиялық қаттылаудың композиттi материалдарынан пломбы сала отырып, тiс жұлуды қоса алғанда маманның жолдамасы бойынша балалар мен жүктi әйелдерге көрсетiлетiн жоспарлы стоматологиялық көмекке (ортодонттық және ортопедиялықтан басқа) қызметтер;

- халықтың әлеуметтiк жағынан осал санаты үшiн шұғыл стоматологиялық көмекке (қатты ауыру): анестезия, от жасалған және химиялық қаттылаудың композиттi материалдарынан пломбы салу, анестезиямен тiс жұлу, периостотомия, абцесстердi ашу;

- арнайы көлiк құралдарына негiзделген жылжымалы медициналық кешендердiң қызметтерi;

- халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал санаттары үшiн, инфекциялық, әлеуметтiк маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратындарға маманның жолдамасы бойынша қымбат тұратын диагностикалық зерттеулер түрi:

полимеразды тiзбектi реакция, иммунофенотипировдi, компьютерлiк томография, магниторезонанстық томография, позитронно-эмиссиондық томография, однофотондық эмиссиондi компьютерлiк томография, ангиография;

- әйелдердi медициналық-генетикалық зерттеу (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивтi пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг);

- терi-венерологиялық диспансерлердегi (және/немесе көп бейiндiк ауруханалар жанындағы бөлiмшелерде) қызметтер;

- травмотологиялық пункттерде;

 — мақсатты популяцияны профилактикалық медициналық тексеру: жатыр мойны обырының диагностикасы, сүт безiнiң қатерлi iсiгi диагнозы, колоректальды қатерлi iсiк диагнозы (1-2 кезең);

көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiн орналастыру рәсiмдерiн өткiзу туралы хабарлайды.

Көрсетiлген медициналық көмектiң түрлерi/медициналық көмектiң нысандары/ қызметтер (бұдан әрi — медициналық қызметтер) Ақмола облысы аумағында көрсетiледi.

Көрсетiлген медициналық қызметтердiң жоспарланған көлемiне өтiнiмдердi (бұдан әрi — өтiнiмдер) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнде медициналық көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге үмiткер денсаулық сақтау субъектiлерiнiң дерекқорына енгiзiлген денсаулық сақтау субъектiлерi «Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалына КЕАҚ Ақмола облысы Көкшетау қаласы Әуезов көшесi, 268 үй мекенжайы бойынша ұсынады.

Өтiнiмдердi қабылдау басталатын күн — 2019 жылғы «10» қыркүйек 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтiнiмдердi және оған қоса берiлетiн құжаттарды ұсынудың соңғы мерзiмi — 2019 жылғы «16 » қыркүйек 18 сағат 30 минутқа дейiн.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8-7162-911-800.

Ескертпе:

* медициналық көмектiң/қызметтердiң түр(лер)i/нысан(дар)ы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15604 болып тiркелген) бекiтiлген Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнде денсаулық сақтау субъектiлерiнен қызметтердi сатып алу қағидаларына сәйкес бекiтiлген Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде қызметтердi сатып алу жоспарына сәйкес көрсетiледi.

Мақаланың шыққан күні: 10.09.2019
Қаралым саны: 198

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz