A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жіберілген жас дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» облыстық мәслихаттың шешімінің жобасына пресс релиз

Денсаулық сақтау саласында, медициналық ұйымдарда қызметтi аса сапалы жүзеге асыру үшiн кадр әлеуетiнiң болуы қажет, оны ауылдық жерлерге тарту қиындау болып табылады.

Бүгiнгi таңда ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту мақсатында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жұмыс iстеуде, ол кезектi тәртiпте 100 АЕК жәрдемақы (252 500 теңге) және 1500 АЕК тұрғын үй алуға және салуға (3 787 500 теңге) кредит төлеудi көздейдi.

Дегенмен аталған бағдарлама жас мамандар үшiн сонша тартымды болып табылмайды, себебi оның да өз минустары бар, яғни күту кезеңi ұзақ (кезектiлiк) және жәрдемақының мөлшерi аз, одан жас мамандар кей кезде бас тартады.

2019 жылғы 27 қыркүйектегi жағдай бойынша Ақмола облысына 54 жас дәрiгер келдi, оның ауылдық жерлерге келгенi — 28, яғни ол жалпы санының 52% құрайды, келесi мамандықтар бойынша: хирургия, стоматология, аллергология және иммунология, педиатрия пульмонология және т.б.

Ауылдық жерлерге келгендер үшiн әлеуметтiк қолдаудың қосымша шаралары көрсетiлдi: 3 жас маманға медициналық ұйымдардың қаражаты есебiнен 150 мың теңгеден бөлiндi, 28-не еңбек ақысына25% үстемеақы, 14 дәрiгерге– тұрғын үй берiлдi.

Алайда аталған әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету ауылдық жерлерге жас дәрiгерлердi тарту және бекiтуге мүмкiндiк бермейдi.

Осыған орай денсаулық сақтау басқармасы тарапынан «Бюджет қаражаты есебiнен Ақмола облысының ауылдық жерлерiне жұмыс iстеуге жiберiлген жас дәрiгерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшерiн айқындау туралы» облыстық мәслихаттың шешiмiнiң жобасын облыстық мәслихат сессиясында қарастыру бастамашылығы енгiзiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 01.10.2019
Қаралым саны: 87

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz