A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Ақмола облысында педагогтарға арналған оқыту семинарлары және колледж студенттерімен кездесулер

Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу мамандары полиция департаментiнiң есiрткiге қарсы iс-қимыл басқармасымен, Ақмола облысының бiлiм басқармасымен, "Сенiм" есiрткiге тәуелдiлердi оңалту орталығымен бiрлесiп 2019 жылдың 9-14 қазаны аралығында Көкшетау қаласындағы колледждердiң педагогтары мен психологтарына арналған АИТВ-инфекциясының, есiрткi тұтынудың және есiрткi қылмыстарының алдын алу бойынша оқыту семинарлары өткiзiлдi. Сонымен қатар колледж студенттерiмен кездесулер өткiзiлдi, онда Ақмола облыстық ЖИТС орталығының мамандары Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды таныстырды, жұғу жолдары туралы айтты, АИТВ-мен өмiр сүретiн адамдардың стигмасы мен кемсiтушiлiк мәселелерiн қозғады.

Есiрткiге тәуелдiлердi оңалту орталығының емделушiлерi есiрткiнiң зияны туралы театрландырылған қойылым көрсетiп, оқушылар мен педагогтарға өздерiнiң жеке тарихын айтып бердi. "Сенiм" орталығының психологымен педагогтар үшiн пациенттердiң қатысуымен тренинг өткiзiлдi.

Көкшетау қаласында барлығы 8 колледж қамтылды, педагогтар үшiн 8 оқыту семинарлары және колледж оқушыларымен 8 кездесу өткiзiлдi. Ақпараттық-түсiндiру жұмыстары облыс аудандарында 13 колледжде жалғасады.

Педагогтар жасөспiрiмдер мен жастар арасында синтетикалық заттарды тұтыну жағдайының күрделенуiне, сондай-ақ инъекциялық есiрткiнi тұтынатын адамдар арасында АИТВ-жұқпасымен сырқаттанушылықтың өсуiне байланысты оқыту семинарларын өткiзудiң маңыздылығы мен уақтылылығын атап өттi.

Мақаланың шыққан күні: 15.10.2019
Қаралым саны: 148

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz