A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Тағы да медициналық ұйымдарға бекіту туралы

Елiмiзде 15 қыркүйектен бастап емханаларға бекiту бойынша кампания бастау алды, ол 15 қарашаға дейiн жалғасады. Осы кезеңде қазақстандықтар медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарына өзiнiң таңдауы бойынша бекiтiлу мүмкiндiгi бар.

Биыл оны электронды-цифрлық қолды (ЭЦҚ) пайдаланып eGov электронды үкiмет веб-порталында жасауға болады. Егер қандай да қиындықтар туындағанда немесе ЭЦҚ болмаса, онда ХҚО кеңес алу үшiн бару қажет. Онда маман «Электронды үкiмет» Порталына өтiнiм жiберуге көмек көрсетедi.

Егер бұрын емхананы еркiн таңдау аумақтық бiрлiкпен шектелмесе, қазiр ұйымды еркiн таңдау принципi адам тұрып жатқан бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнде жұмыс iстейдi. Республикалық және облыстық маңызы қалаларда — бұл аудан.

- Бекiтiлгенде басымдылық отбасылық қызмет көрсету принципiне берiледi, онда бiр емханада балалар және ата-аналарына қызмет көрсетiледi. 18 жасқа толмаған тұлғаларды баланың заңды өкiлi бекiтуге құқылы.

Тiркелген жерi бойынша емес бекiтiлген адамдардың үйлерiне баруларды, оның iшiнде жүктi әйелдер мен жаңа туғандар патронажын қамтамасыз ету қиын болатын. Осыған байланысты нормативтiк базаға аумақтық қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету бойынша өзгерiс енгiзiлдi, ендi қаланың бiр ауданы шегiнде, онда әдетте бiрнеше МСАК субъектiлерi бар МСАК ұйымын таңдауға болады, — деп түсiндiредi №1 қалалық емхананың медициналық қызметтiң шұғыл есептiлiк қызметiнiң басшысы Төлеген Исмагамбетов.

Емханаға бекiтуге ауыстыруға болатын себептер:

– бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (аудан) шегiнде тұрақты немесе уақытша тұратын жерi, жұмыс немесе оқу орны өзгергенде;

– медициналық ұйымдарды қайта ұйымдастыру немесе таратқан жағдайларда;

 — жылына бiр реттен медициналық ұйымды және дәрiгердi еркiн таңдағанда;

– бекiту кампаниясы кезiнде, ол қалалардың емханаларында жыл сайын жылына бiр рет 15 қыркүйектен 15 қараша аралығында МСАК ұйымдарына халықты бекiту бойынша жүргiзiледi (бiрақ жаңадан бекiтiлген емханаға бекiткенде медициналық қызмет көрсету келесi жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын болады).

Бекiтуден бас тарту болуы мүмкiн, егер адам осы ұйымға бекiтiлген қызмет көрсету аймағынан тыс тұрып жатса. Қолданыстағы нормативтер бойынша жалпы практика дәрiгерiнiң учаскесiнде 1672 аспайтын пациент болуы тиiс.

Таңдалған жаңа емханаға медициналық көмекке 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүгiнуге болады. Ағымдағы жылдың соңына дейiн сiздi бұрынғы МСАК ұйымы қызмет көрсетудi жалғастырады.

Еске саламыз, яғни бекiту кампаниясы ТМККК шеңберiнде және МӘМС жүйесiнде медициналық қызметтердi көрсетуге үмiткер денсаулық сақтау субъектiлерiнiң деректер базасында тiркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында жүргiзiледi.

Мақаланың шыққан күні: 16.09.2019
Қаралым саны: 132

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz