A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Көкшетауда Көпбейінді облыстық аурухана базасында өңірде ең заманауи және ауқымды жаңа бактериологиялық зертхана ашылды

4 қыркүйекте Көпбейiндi облыстық аурухана базасында жаңа бактериологиялық зертхана ашылды. Аталған шешiм бiрқатар медициналық ұйымдардың қосылуына байланысты көрсетiлетiн клиникалық-диагностикалық қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру үшiн мәселе өткiр болып, өткен жылдың тамыз айында қабылданған болатын.

Жыл бойы ғимараттарды қайта құрастыру бойынша жөндеу-құрылыс және ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыстары жүргiзiлдi, және мiне 4 қыркүйекте көптен күткен оқиға болды. Жаңа бактериологиялық зертхана көптеген ауруларды уақтылы диагностикалау жүргiзе отырып, зерттеулердiң нақты және дұрыстығы жоғары нәтижелерiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

 — «Бiздiң бүгiн ашқан зертхана, осындай мекеме ұсынылған барлық талаптарға сәйкес. Мұнда отыздан астам бактериологиялық талдау жасауға мүмкiндiк беретiн қажеттi барлық жабдықтар орнатылған.

Аталған бактериологиялық зертхананың болуы аурухана үшiн де, сонай-ақ халық үшiн де зор артықшылыққа ие. Бұрын мұндай зерттеулерге жылына 25 млн теңгеге дейiн қаражат кететiн, ендi олар аурухананың бюджетiнде қалады, сондай-ақ бiз шарт бойынша басқа емдеу мекемелерiмен әрiптестiк етуге толығымен ашықпыз. Мұның барлығы тек үнемдеу ғана емес, ол қосымша кiрiс көзi болады, оның арқасында еңбекақы төлемiн арттыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту үшiн жаңа мүмкiндiктер пайда болмақ, — дедi Көпбейiндi облыстық ауруханасының директоры Нұрлан Жаров, аталған жобаны жүзеге асыруға қатысқандырдың барлығына алғысын бiлдiрiп.

Мамандардың пайымдауынша ең маңыздысы уақыт. Диагностикада жылдамдық пен нақтылықтың үйлесiмдiлiгi тағайындалған терапияның тиiмдiлiгi үшiн зор маңызы бар. Зертханада iшек, ауа-тамшы, шартты-патагендi флора, анибиотик және санитарлық бактериологияға (объектiлердiң сыртқы орта шайындылары, азаық-түлiк, су) бактериологиялық зерттеулердiң 35-сi қолжетiмдi. Сондай-ақ жыныс инфекцияларының бактериологиялық және серологиялық диагностикасы жүргiзiледi.

Барлық талдауларды өзiнiң емхана дәрiгерiнiң жолдамасы бойынша стационарда жатқан пациенттерге тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке қалауы бойынша ақылы негiзде өтуiне болады.

-Адамдардың денсаулығы — бұл ең бастысы. Диагностика — алғашқы және маңызды кезеңдерден бiрi, сапасынан барлық одан арғы емнiң қалай болатыны белгiлi болмақ. Бiрнеше жыл бұрын бiз бұндай зертхана туралы армандағанда жоқпыз, ал бүгiн көрiп отырсыздар қандай керемет жағдайларда еңбек етуде бiздiң әрiптестер, — деп ойымен бөлiстi КОА клиника-диагностикалық зертхаансының меңгерушiсi Гүлжан Доскумбаева.

Ашылуы салтанаты аяқталғаннан кейiн, басшы мен зертхананың медицина қызметкерлерi қонақтарға барлық ғимараттар мен жабдықтардың маңыздылығы мен тағайындамалары туралы егжей-тегжейлi экскурссия жасады.

  

Мақаланың шыққан күні: 05.09.2019
Қаралым саны: 136

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz