A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
2018 жылдың 12 айына МӘМС бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмысы

Ақпараттық-түсiндiру жұмысының жоспарын (бұдан әрi-АТЖ) жүзеге асыру шеңберiнде 2018 жылдың 9 айдың iшiнде 2018 жылдың 11 шiлдеде «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу бойынша өңiрлiк штаб туралы» облыс әкiмiнiң өкiмi дайындалды, 2018 жылға «МӘМС енгiзу бойынша Өңiрлiк жоспар» бекiтiлдi.

АТЖ бойынша 616 медицина қызметкерiне оқыту жүргiзiлдi, оқумен 56 медициналық ұйым қамтылды. ТМККК шеңберiнде және МӘМС жүйесiнде 01.10.2018 жылғы жағдай бойынша 36 мемлекеттiк және 20 жеке жеткiзушiлермен медициналық көмек көрсету қызметтерiн көрсету бойынша жеткiзушiлермен шарт жасалды.

Сонымен қатар «Ordinatus» ЖШС аймақтық (республикалық) ақпарат орталығының базасында медицина ұйымдарының call-орталығының қызметкерлерiне оқыту өткiзiлдi. Олар: «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК, «№1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК, жалпы адам саны -30, 100% қамтылған.

Тұрақты негiзде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен кездесулер өткiзiледi (сауда үйлерi, Көкшетау қаласының бизнес орталықтары), онда МӘМС және ТМККК мәселелерi бойынша толық түсiнiктемелер берiледi.

Республикалық және өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарында 221 жарияланым шықты, әлеуметтiк желiлерде 100-ден астам жарияланым, 68,9 мың қамтылған адамдар таратылатын ақпараттық материалдарды пайдалана отырып орналастырылды.

Сыртқы жарнаманың көше нысандарында Көкшетау қ.-1 (Әуезов к., 48), Степногорск қ. — 1, ауруханалардың жанында: Астрахань — 2, Атбасар -2, Шортанды-1, Сандықтау-2, Аршалы-1, Жақсы-1,Жарқайың-2, Целиноград-1 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды енгiзуге қатысты ақпараттық материалдар орналастырылған. Облыстың және қаланың барлық медициналық ұйымдарында (емханалар, ауруханалар, бейiндi медициналық ұйымдар) МӘМС бұрыштары ресiмделген, онда әрбiр адам ақпаратпен таныса алады. Көрнекi орындарда 93 стендтер, 66 баннер орналасқан.

Тұрақты негiзде Қор мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынған 7 ресми бейнеролик көрсетiледi: Көкшетау қаласының "Тәуелсiздiк" алаңында, 3 радионүкте (ХҚКО, "Алтын Ғасыр" СО, Орталық базар), медициналық ұйымдарда, Көкшетау қаласының темiржол және автовокзал ғимаратындағы мониторларда.

ММС туралы ақпараттық материалдар облыстың барлық медициналық ұйымдарында, электрондық және баспа БАҚ-да (Любимый город газетi, Акмолинская правда, Кокшетау сегодня, Арқа Ажары) орналастырылған.

Үнемi жарнамалық-ақпараттық материалдарды (буклеттер, парақшалар, флаерлер) басып шығару және тираждау жүзеге асырылады, бүгiнгi күнi адамдар көп жиналатын жерлерде 305 мың дана (150 мың аудандар бойынша, 120 мың Көкшетау қаласы, 45 мың Степногорск қаласы) түрлi ақпараттық материалдар басып шығарылды және таратылды.

Бұдан басқа, жыл басынан берi МӘМС түсiндiру бойынша Өңiрлiк жұртшылық, сарапшылар, ҮЕҰ, медицина қызметкерлерi және БАҚ қатысуымен медициналық ұйымдарда 41 дөңгелек үстел өткiзiлдi. Облыс тұрғындарын топтық, жеке, кең ауқымды акциялармен, флешмобтармен қамту ересек халықтың 371 мыңнан астамын құрайды.

«НұрОтан» партиясының (15.08.2018ж.), Облыс әкiмдiгiнiң (24.08.2018ж) ғимаратында «МӘМСҚ» АҚ АОФ қатысуымен 2 пресс-конференция өткiзiлдi.

Сонымен қатар МӘМС мәселесiн түсiндiру бойынша 581 медициналық ұйымдарында ашық есiк күнi, 18 флешмоб, 38 акциясы ұйымдастырылды. Барлық мүдделi органдардың қатысуымен облыс әкiмдiгi жанындағы Өңiрлiк штаб отырысы өттi (30.10.2018 ж).

Сонымен қатар, 581 медициналық ұйымда МӘМС мәселелерi бойынша Ашық есiк күндерi ұйымдастырылып, 18 флешмоб, 39 акция өткiзiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 23.01.2019 17:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 17:13
Қаралым саны: 1193

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz