A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
2018 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік органның қызметі туралы есебі

Мемлекеттiк қызметтердiң қолданыстағы тiркелiмiне сай Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттiк қызметтердiң 30 (14,1%) түрiн ұсынады, негiзiнен: 4 (10%) мемлекеттiк қызмет тiкелей денсаулық сақтау басқармасымен көрсетiледi, 27 (90%) түрiн ведомствоға қаарсты ұйымдармен көрсетiледi:

Денсаулық сақтау басқармасы:

1. Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

2. Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

3. "Денсаулық сақтау саласындағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиялар беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру";

4. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету жөнiндегi әлеуеттi қызметтер берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн (сәйкес еместiгiн) анықтау;

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасымен және оның ведомствосына қарасты ұйымдарымен 2018 жылы 3 307 667 (үш миллион үш жүз жетi мың алты жүз алпыс жетi) қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде «egov.kz» электронды үкiмет порталы арқылы көрсетiлген— 619, қағаз нысанда көрсетiлгенi — 293 832, қызмет берушiнiң ақпараттық жүйелерi арқылы электронды түрде көрсетiлгенi — 2 952 199 қызмет.

 

Мақаланың шыққан күні: 27.02.2019 16:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.10.2019 09:57
Қаралым саны: 886

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz