A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Ашық талқылау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету бойынша 2015 жылдың есебі

Сізге Ақмола облысының денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етуге рұқсат теуңізді сұраймын.

Облыстың денсаулық сақтау саласында қызмет беруші денсаулық сақтау басқармасы және ведомствоға қарасты медициналық ұйымдар болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың талдауы «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады және заңдылық принциптеріне, объективті, ашықтық және шынайлығына негізделеді.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 22 түрін ұсынуды жүзеге асырады, негізінен: 5 мемлекеттік қызмет тікелей мемлекеттік органмен көрсетіледі, 17 түрі ведомствоға қарасты ұйымдармен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді ұсынатын 42 медициналық ұйым: оның 27-сі аурухана, 5-уі емхана, 8-і диспансер, 2-уі санаторий. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің саны — 1240 адам.

Мемлекеттік қызметтердің ұсынылуы бірнеше әдістермен жүзеге асырылатынын атап кету керек:

www.egov.kz, www.elicense.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы; «Азаматтарға арналған үкімет» (бұрыңғы ХҚО) мемлекеттік корпорациясы арқылы.

Электронды үкімет порталы арқылы (бұдан әрі — ЭҮП) 7 мемлекеттік қызметі жүзеге асырылады.

,оның ішінде, лицензиялаудың 3 түрі және наркологиялық, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар беру. Ақылы медициналық қызметтер ұсыну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №293, 294, 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығы мемлекеттік қызметтердің стандарттарында регламенттеледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасымен өткен жылдың кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге жауапты ведомствоға қарасты ұйымдардың 29 қызметкері (67%) біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2015 жылы денсаулық сақтау басқармасымен және оның ведомствосына қарасты ұйымдармен барлығы — 2 млн 577 мың 287 қызмет көрсетілді, оның мемлекеттік орган арқылы қағаз түрде — 92 қызмет, оның ішінде мемлекеттік органмен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы баламалы негізде — 122, электронды үкімет портал арқылы — 25 мың 780 қызмет: «elicense.kz» электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік органмен – 403 қызмет, ведомствоға қарасты ұйымдармен «www.egov.kz» электронды үкімет» веб-порталы арқылы— 25 мың 377 қызмет көрсетілді.

- «медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілу» -188 мың 814 қызмет, оның ЭҮП арқылы-183 қызмет (0, 09%).

- «дәрігердің қабыладуына жазылу»- 1 млн 629 мың 097 қызмет, оның ЭҮП арқылы — 22 мың 810 қызмет (1,40%)

- «дәрігерді үйге шақырту»- 177 мың 064 қызмет, оның ЭҮП арқылы - 2 384 (1,34%.)

2016 жылдың І тоқсанына ақпарат

2016 жылдың І тоқсанында денсаулық сақтау басқармасымен барлығы — 592 мың 282 қызмет көрсетілді, оның қағаз түрде тікелей мемлекеттік орган арқылы — 54, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы баламалы негізде мемлекеттік органмен — 13, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы — 5 671 қызмет: «elicense.kz» электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік органмен — 102 қызмет, ведомствоға қарасты ұйымдармен «www.egov.kz» электронды үкімет» веб-порталы арқылы — 5 569 қызмет, қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде — 24 590 қызмет көрсетілді.

- «медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілу» — 104 мың 465 қызмет, оның ЭҮП арқылы -25 қызмет (0,02%), қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде -24 мың 590 қызмет (23,5%) көрсетілді.

- «дәрігердің қабыладуына жазылу»- 316 мың 128 қызмет, оның ЭҮП арқылы — 5 204 қызмет (1,6%) көрсетілді.

- «дәрігерді үйге шақырту» - 26 мың 407 қызмет, оның ЭҮП арқылы — 340 (1,3%).

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында мемлекеттік қызметтерді ұсыну, лицензиялау және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бойынша бөлім құрылғанын (бұдан әрі -Бөлім) атап өту керек.

Қазіргі уақытта Бөлім ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп медициналық қызметтерді ұсыну бойынша облыстың медцииналық ұйымдарының қызметін бақылау және мониторингілеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ақмола облысының аудандары мен қалаларына бірлескен шығулар іске асырылды.

Денсаулық сақтау басқармасымен мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа стандарттарына сәйкес 17 регламент әзірленді.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында 2015 жылы облыстың БАҚ 19 сөз сөйлеулер жарияланды, оның теледидарда-2, газет басылымдарында — 17, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мәселелері бойынша 13 семинар-мәжілістер, дөңгелек үстелдер өткізілді.

2016 жылғы І тоқсанда 2 мақала жарияланып, 12 дөңгелек үстел өткізілді.

Бүгінде біз «электронды үкімет» Порталы арқылы Ақмола облысының мемлекеттік органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жариялау және ақпараттық сүймелдеу бойынша іс-шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

«Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру қағидалары» мемлекеттік қызметтердің регламенті әзірленуде.

Бастысы || Ақмола облысының жергілікті атқару органдарының қызметінің 2015 жылғы есебін ашық талқылау жүргізу қорытындылары туралы нәтиже.

Ақмола облысының жергілікті атқару органдарының қызметінің 2015 жылғы есебін ашық талқылау жүргізу қорытындылары туралы нәтиже.

Ақмола облысы әкімнің аппараты

Ашық талқылау жүргізу датасы — 01.03.-30.03. 2016 жыл

Ашық талқылау жүргізу тәсілі — Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының ресми интернет-ресурсында zdrav.akmol.kz электронды мекенжай бойынша орналастырылды:

Ашық талқылау өткізу туралы хабарландыру тәсілі — Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының ресми интернет-ресурсында zdrav.akmol.kz электронды мекенжай бойынша жарияланды.

Ашық талқылауға қатысушылардың ұсыныстары және (немесе) ескертулердің тізбесі:

р/н Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізген ұйымның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә. Ашық талқылаулар шеңберінде түскен ұсыныстар және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы мәлімет Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау бойынша негіздеме Ескерту
1.          
2.          
3.          

Қосымша мәлімет:____________________________________________

Мақаланы жасаған датасы: 31.03.2016 17:30
Беттегі соңғы өзгеріс: 31.03.2016 17:30

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

шағым иесі туралы кіріспе Шағымның мәні Шағымды қарап және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қараудың датасы Шағымды қарау қорытындылары бойынша құжаттың № Қабылданған шешім Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет
1 2 3 4 5 6 7
Балмагамбетов М.К. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметті алу мәселесі бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 30.11.2015ж. №1-1-3-04/7377 «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 27.11.2015 жылғы № 37 бұйрығымен «Қорғалжын орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері А.О.Үсеновке «ескерту» түрінде тәртіптік жазалау салынды. -
Мақаланың шыққан күні: 04.12.2017 11:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.10.2019 09:55
Қаралым саны: 866

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz