A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы 14 сәуiрдегi
№ 200 бұйрығына
2-қосымша

Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға жатақхана беру

Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға жатақхана беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi жатақханасы бар техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушылар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — 10 жұмыс күнi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен сенбiнi қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтiнiш;

2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi (жетiм балалар үшiн);

4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшiн);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2014 жылғы 1 сәуiрдегi № 142-I бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9377 болып тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша мүгедектiгiн растау туралы анықтама;

6) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алу үшiн құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөрiс деңгейiнен төмен отбасылардан шыққан балалар үшiн атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң жоқтығы туралы анықтама;

7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшiн).

Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, сондай-ақ мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi көрсетiле отырып, қолхат беру болып табылады.

9-1. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде № 13487 болып тiркелген) бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында белгiленген талаптарына сәйкес келмеуi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға бас тартудың себептерiн көрсете отырып жауап жiбередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себептерiн жойған жағдайда, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының қайта жүгiнуiне болады.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9-2. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген Тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша Министрлiк басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы басшысының атына берiледi.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiлiп, Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, жергiлiктi атқарушы органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң интернет-ресурсында: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi 8, www.edu.gov.kz;

e-mail: pressa@edu.gov.kz;

2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетiлген тiзiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және Бiрыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Жүктеу (DOCX 18 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 15.07.2019 09:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.07.2019 09:59
Қаралым саны: 503

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz