A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым
министрiнiң мiндетiн
атқарушының 2015 жылғы
6 қарашадағы
№ 627 бұйрығына
1-қосымша

"Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң
бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру
ұйымдарындағы бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орындары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

ауысу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — бiр ай iшiнде, бiрақ қабылдаушы бiлiм беру ұйымының кезектi емтихан сессиясы басталғанға дейiн бес күннен кешiктiрмей.

Кәмелетке толмаған бiлiм алушының ата-анасы немесе заңды өкiлдерi басқа мекен жайға көшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңiнен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат берiледi;

қайта қабылдау үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап екi апта iшiнде;

оқу ақысын төлемегенi үшiн семестр кезiнде оқудан шығарылған бiлiм алушы төлемақы бойынша берешегiн өтеген жағдайда;

оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның iшiнде, төлемақы бойынша берешегiн өтегенi туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күнi iшiнде:

көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз жүзiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда көрсетiлетiн қызмет берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейiн.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету мақсатында бiр мамандықтан екiншi мамандыққа, бiр оқу нысанынан басқа оқу нысанына, бiр тiлдiк бөлiмнен басқа тiлдiк бөлiмге, ақылы негiзде оқудан бiлiм беру гранты бойынша оқуға ауыстыру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету мақсатында басқа бiлiм беру ұйымына ауыстыру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) ауыстыру туралы өтiнiш (еркiн нысандағы);

2) ауыстыратын бiлiм беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған бiлiм алушының сынақ кiтапшасының (немесе үлгерiм кiтапшасының) көшiрмесi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген жағдайда қайта қабылдау үшiн мемлекеттiк қызмет көрсету мақсатында қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) қайта қабылдау туралы өтiнiш (еркiн нысандағы);

2) "Бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға берiлетiн анықтама нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 5717 болып тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша анықтама.

Оқу ақысын төлемегенi үшiн семестр кезiнде оқудан шығарылған ақылы негiзде оқитын бiлiм алушы үшiн төлемақы бойынша берешегiн өтегенi туралы құжат.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн

қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының

шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ерекшелiктерi

ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметi, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiнде анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Мақаланың шыққан күні: 29.11.2017 17:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.12.2019 09:14
Қаралым саны: 1465

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz