A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2017 жылғы 27 шiлдедегi
№ 357 бұйрығымен бекiтiлген

«Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыс беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 20.12.2017 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң орналасқан жерi бойынша құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — 3 (үш) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей жеткiзудi қамтамасыз етедi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезек күтудiң барынша рұқсат етiлген уақыты — 20 (жиырма) минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 (он бес) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң барынша рұқсат етiлген уақыты — 30 (отыз) минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз жүзiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — белгiленген тәртiппен расталған бiлiм беру ұйымы басшысының бiлiм алушыға басталу және аяқталу мерзiмiн көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшiрмесi не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында белгiленген негiздеме бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру нысаны: қағаз жүзiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорация — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының тандауы бойынша жеделдетiп қызмет көрсетусiз "электронды" кезек күту тәртiбiнде жүзеге асырылады, электронды кезектi "электронды үкiмет" порталы (бұдан әрi — портал) арқылы брондауға болады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейiн академиялық демалыс беру үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның заңды өкiлiнiң) бiлiм беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтiнiшi;

2) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның (бұдан әрi — ДКК) қорытындысы;

ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның заңды өкiлiнiң) бiлiм беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтiнiшi;

2) туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрiгерлiк-консультациялық комиссиясының (бұдан әрi — ОДКК) шешiмi;

бала үш жасқа толғанға дейiн академиялық демалыс беру үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның заңды өкiлiнiң) бiлiм беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтiнiшi;

2) туу, ұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлiк) құжаттар;

әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның заңды өкiлiнiң) бiлiм беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтiнiшi;

2) әскери қызметке шақыру туралы қағаз;

Мемлекеттiк корпорацияға:

ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейiн ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшiн:

1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның заңды өкiлiнiң) бiлiм беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтiнiшi;

3) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы.

ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшiн:

1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның заңды өкiлiнiң) бiлiм беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтiнiшi;

3) туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешiмi;

бала үш жасқа толғанға дейiн академиялық демалыс беру үшiн:

1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның заңды өкiлiнiң) бiлiм беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтiнiшi;

әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшiн:

1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның заңды өкiлiнiң) бiлiм беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтiнiшi;

3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз.

Құжаттар Мемлекеттiк корпорация арқылы қабылданған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) ұсынған жағдайда, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi, баланың тууы, ұл немесе қыз бала асырап алуы туралы куәлiктердi "электронды үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады және көрсетiлетiн қызметтi берушiге беру үшiн қағаз тасымалдағышта басып шығарады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм алады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлген қызметтi берушiге тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң жүгiнген жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның сұранысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мынадай жағдайларда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) ондағы деректердiң (мәлiметтiң) дұрыс еместiгiн анықтау;

2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) талаптарға көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi деректер мен мәлiметтердiң сәйкес болмауы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы стандарттың 9-тармағында қарастырылған тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат бередi.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, мемлекеттiк корпорациясының және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану үшiн шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Министрлiк басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша түрде пошта бойынша, портал арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), пошта мекенжайы, байланыс телефондары көрсетiледi.

Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде, Мемлекеттiк корпорацияда тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымды осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14, 15-тармақтарында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорацияның басшысына жолданады.

Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол, сондай-ақ поштамен келiп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тiркеу болып табылады (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады).

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде немесе Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде мемлекеттiк корпорациясы арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды заңнамада белгiленген тәртiппен өз-өзiне қызмет көрсету, өздiгiнен қозғалу, бағдарлау қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетiлетiн қызметтi алушыларға Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондарына жүгiну арқылы тұрғылықты жерi бойынша шыға отырып, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орнының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77777 телефондары арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Жүктеу (DOCX 22 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 15.07.2019 09:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.07.2019 09:46
Қаралым саны: 465

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz