A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы 14 сәуiрдегi
№ 200 бұйрығына
1-қосымша

«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орындары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) мыналарға түсетiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

күндiзгi оқу нысанына — 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

сырттай (кешкi) оқу нысанына — 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет беру нәтижесi: қағаз жүзiнде.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз жүзiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда көрсетiлетiн қызмет берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейiн.

Алдын ала жазылу және жеделдетiп қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) қабылдау туралы еркiн нысандағы өтiнiш;

2) бiлiмi туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3x4 см көлемiндегi 4 дана фотосурет;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) флюросуретi қоса берiлген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшiн медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысы);

5) ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң немесе кешендi тестiлеудiң сертификаты (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшiн).

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзi немесе заңды өкiлдерi ұсынады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылар — шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесiн айқындайтын, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы белгiсi бар құжатты ұсынады:

1) шетелдiк — шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ тұлға — азаматтығы жоқ тұлғаның куәлiгi;

3) босқын — босқын куәлiгi;

4) пана iздеушi тұлға — пана iздеушi тұлғаның куәлiгi;

5) оралман — оралман куәлiгi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:

1) тапсырылған құжаттардың тiзбесi;

2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректерi көрсетiледi.

9-1. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекiтiлген Техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 174 қаулысымен бекiтiлген Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға бас тартудың себептерiн көрсете отырып, жауап жiбередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себептерiн жойған жағдайда, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының қайта жүгiнуiне болады.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9-2 Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген Тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 2-тарау 9-2-тармақпен толықтырылды — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану кезiнде шағым жазбаша түрде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша Министрлiк басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — ЖАО) басшысының атына берiледi.

Шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, Министрлiктiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң Министрлiктiң атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурсында:

1) 01000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 телефон: +7 (7172)742-425 e-mail: pressa@edu.gov.kz.

2) мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына 2-қосымшада көрсетiлген тiзiмге сәйкес ЖАО-ның интернет-ресурстарында орналастырылған.

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және Бiрыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Жүктеу (DOCX 18 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 15.07.2019 10:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.07.2019 10:04
Қаралым саны: 439

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz