A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
19-қосымша

"Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебiнен шетелге емделуге жiберу мүмкiндiгiне құжаттарды қабылдау және қарау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебiнен шетелге емделуге жiберу мүмкiндiгiне құжаттарды қабылдау және қарау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқару органдары (ЖАО) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштердi қабылдау және олардың нәтижелерiн беру денсаулық сақтау субъектiлерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге мәлiметтердi берген сәттен бастап — 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде;

көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге мәлiметтердi тапсырудың ең жоғары рұқсат етiлген уақыты — 30 минут;

қызмет көрсетудiң ең жоғары рұқсат етiлген уақыты — 2 (екi) жұмыс күн iшiнде.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына 1-қосымшаға сәйкес пациенттi бюджет қаражаты есебiнен шетелге емделуге жiберу үшiн республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы (бұдан әрi — қорытынды).

Қорытынды "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебiнен шетелге емделуге жiберу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11795 болып тiркелген) бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебiнен шетелге емделуге жiберу қағидаларына (бұдан әрi — Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар:

1) еркiн нысандағы өтiнiш;

2) жеке басын сәйкестендiру үшiн жеке басын куәландыратын құжат;

3) пациенттiң сырқатнамасынан үзiндi көшiрме (жарамдылық мерзiмi кемiнде 30 (отыз) жұмыс күнi.)";

10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) нақты еместiгiн белгiлеуi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда негiзi болып табылады.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына шағым беру арқылы шағымданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, шағымның тiркелуi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңесiнде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымымен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң dsm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

14. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтiң байланыс телефондары Министрлiктiң dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Мақаланың шыққан күні: 03.12.2019 17:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.12.2019 17:47
Қаралым саны: 482

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz