A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейiн оның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлiктерiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiм беру немесе қайтарып алуды тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
12-қосымша

"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейiн оның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлiктерiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiм беру немесе қайтарып алуды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейiн оның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлiктерiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiм беру немесе қайтарып алуды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымдар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштi қабылдау және нәтижесiн беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2 . Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап — 3 (үш) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минуттан аспайды.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiндердi (тiннiң бөлiгiн) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiм берудi тiркеу туралы анықтама не осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiндердi (тiннiң бөлiгiн) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiм берудi тiркеуден бас тарту туралы анықтама;

2) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiндердi (тiннiң бөлiгiн) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) алу мүмкiндiгi туралы көзi тiрiсiнде еркiн көңiл бiлдiруiне келiсiмдi қайтарып алуды тiркеу туралы анықтама.

7. Жеке тұлғаларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн үзiлiссiз сенбi күнi — сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар:

қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес өтiнiш.

9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтауы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда;

3) қарсы көрсетiлiмдерiнiң болуы (туберкулез, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттерi, психикалық және мiнез-құлықтық бұзылулар, наркологиялық бұзылулар, жыныстық жолымен берiлетiн инфекциялық аурулар) негiзi болып табылады.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне): мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына шағым беру арқылы шағымдануы.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, шағымның тiркелуi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, немесе Министрлiктiң кеңесiнде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны белгiлеу және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмысы күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметi көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы заңнамамен белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң үй-жайларында мүмкiндiгi шектелген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар (пандустар мен лифтер) көзделген.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң байланыс телефондары арқылы алуға құқығы бар.

15. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Жүктеу (DOCX 24 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 30.11.2017 15:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.10.2019 14:12
Қаралым саны: 964

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz