A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
"Техникалық және кәсiптiк бiлiм
жүйесiнде көрсетiлетiн мемлекеттiк
қызмет стандарттарын
бекiту туралы"
2015 жылғы 14 сәуiрдегi
№ 200 бұйрығына
3-қосымша

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 22.01.2016 № 63 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет)

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы" (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге және Мемлекеттiк корпорацияға қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап — 20 күнтiзбелiк күн;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген жағдайда қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 10 минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут;

3) көрсетiлген қызметтi берушiде көрсетiлген қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 20 минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасы.

Мемлекеттiк қызмет нәтижесiн беру нысаны: қағаз жүзiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — қызмет алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес;

2) Мемлекеттiк корпорацияда — еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша көрсетiледi, қабылдау жеделдетiп қызмет көрсетусiз "электрондық кезек күту" тәртiбiнде жүзеге асырылады, электрондық кезектi Қазақстан Республикасының электрондық үкiмет порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы броньдауға болады.

9. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiлiм туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептерi (тегiнiң, атының, әкесi атының (бар болған жағдайда) өзгеруi, құжаттардың қабылданғанын растау жарамсыздығы немесе оны толтыру кезiндегi қателер) баяндалған өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшiн).

Құжаттарды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, сондай-ақ, мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi көрсетiле отырып, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияға:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм оқу орны басшысының атына өтiнiш, онда бiлiм туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептерi (тегiнiң, атының, әкесi атының (бар болған жағдайда) өзгеруi, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезiндегi қателер) баяндалады;

2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшiн).

Техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орны таратылған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орнының орналасқан жерiндегi мұрағатқа жүгiнедi.

Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға тапсырған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн бiр ай iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды әрi қарай сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда Мемлекеттiк корпорация сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

Мемлекеттiк ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын растайтын құжаттың мәлiметтерiн Мемлекеттiк корпорация қызметкерi "Электрондық үкiмет" шлюзы арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорация беретiн нысан бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпия мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiмiн бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10348 болып тiркелген) бекiтiлген Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды беру қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себептерiн жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының қайта жүгiнуiне болады.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша "Мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы" және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi.

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жазбаша түрде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша Министрлiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның атына;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi жергiлiктi атқарушы органының атына берiледi.

Шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде, Мемлекеттiк корпорацияда тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымның iлеспе хатына қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация мекенжайына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымның қаралу нәтижесi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде немесе Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" көрсетiлетiн қызметтi берушi жаңартып отыратын өтiнiш туралы қосымша ақпарат (жеткiзiлуi, тiркелуi, орындалуы туралы белгi, қаралуы немесе қараудан бас тартылуы туралы жауап) қол жетiмдi болады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде "Мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы" арқылы көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Организм функцияларының тiршiлiк әрекетiн шектейтiн денсаулығы тұрақты бұзылған көрсетiлетiн қызметтi алушылар қажет болған жағдайда бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөмiрлерiне жүгiнгенде, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжат қабылдауды олардың тұрғылықты жерiнде жүргiзiледi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.edu.gov.kz;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және Бiрыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Жүктеу (DOCX 22 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 15.07.2019 09:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.07.2019 09:54
Қаралым саны: 434

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz