A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 141 қаулысымен
бекiтiлген

«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк кқрсетiлетiн қызметтi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға арналған өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi — портал);

2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрi — ХҚО) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;

3) www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚО-ға құжаттар пакетiн тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезiнде — 15 (он бес) жұмыс күнi;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезiнде — 10 (он) жұмыс күнi;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезiнде — 2 (екi) жұмыс күнi;

2) құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi — медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны электрондық.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген жағдайда — мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қағаз жеткiзгiште ресiмделедi, басып шығарылады, көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының мөрiмен және қолымен куәландырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiледi.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы негiзде көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн бюджетке қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленедi, ол «Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (бұдан әрi — Кодекс) сәйкес:

1) лицензия беру үшiн — 10 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi — АЕК);

2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн — лицензияны беру кезiндегi ставканың 10 %-ын, бiрақ 4 АЕК-дан артық емес;

3) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензияны беру кезiндегi ставканың 100 %-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейлi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға электрондық сұрату портал арқылы берiлген жағдайда төлем «электрондық үкiмет» төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ға дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2) ХҚО-да — Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа дүйсенбi — сенбi аралығында түскi үзiлiссiз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiнгi белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес.

Құжаттарды қабылдау жеделдетiлген қызмет көрсетусiз «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

3) порталдың — тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргiзумен байланысты техникалық үзiлiстердi санамағанда).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

Қызмет берушiге:

1) лицензияны алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;

жеке тұлға үшiн — жеке басын куәландыратын құжат;

қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны.

2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 немесе 2 қосымшаларға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;

лицензия туралы мәлiметтер не лицензияның көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшiрме);

медициналық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын растайтын мәлiметтер;

3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:

еркiн нысандағы өтiнiш;

лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алымның бюджетке төлегенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

Көрсетiлетiн қызметтi алушы қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензияны және лицензияға қосымшаны (бар болған жағдайда) көрсетiлетiн қызметтi берушiге қайтарады;

4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының лицензияның электрондық көшiрмесiн порталда «жеке кабинетте» алуға мүмкiндiгi бар;

порталда «жеке кабинет» болмаған жағдайда лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияның телнұсқасын ала алады және көрсетiлетiн қызметтi берушiге мынадай құжаттарды ұсына алады:

өтiнiш;

қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат.

ХҚО-ға:

1) лицензияны алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке тұлға үшiн — жеке басын куәландыратын құжат;

қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiк туралы мәлiметтер нысаны;

2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

салыстырып тексеру үшiн лицензияның көшiрмесi және түпнұсқасы (көрсетiлетiн қызметтi алушыда лицензия болған және порталда лицензия туралы ақпарат болмаған жағдайда);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiк туралы мәлiметтер нысаны;

3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезiнде:

қайта ресiмдеу туралы өтiнiш;

лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

салыстырып тексеру үшiн лицензияның көшiрмесi және түпнұсқасы (көрсетiлетiн қызметтi алушыда лицензия болған және порталда лицензия туралы ақпарат болмаған жағдайда);

4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

өтiнiш;

қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат.

порталға:

1) лицензияны алу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (ЭҮТШ арқылы төлеудi санамағанда);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiк туралы мәлiметтер нысаны;

2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiк туралы мәлiметтер нысаны;

3) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (ЭҮТШ арқылы төлеудi қоспағанда).

Мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылатын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), көрсетiлетiн қызметтi алушыны жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу, лицензия, лицензиялық алым сомасын төлеу (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәлiметтi көрсетiлетiн қызметтi берушi портал арқылы уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ХҚО арқылы алған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарымен басқасы көзделмесе, ХҚО ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiм бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын қабылдаған кезде ХҚО қызметкерi:

өтiнiштiң нөмiрi мен қабылданған күнiн;

сұратылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрiн;

өтiнiшке қоса берiлген құжаттардың санын;

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу күнi (уақыты) мен құжаттарды беру орнын;

құжаттарды қабылдаған көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке басын куәландыратын құжатында болған кезде);

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының атауын, байланыс деректерiн көрсете отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.

Портал арқылы жүгiнген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiздемелер:

1) субъектiлердiң берiлген санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған қызметтiң түрiмен айналысу;

2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензияны беру келiсетiн мемлекеттiк органмен келiсiлмеген;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi бар;

6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия алуға тыйым салған.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат бередi.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, Министрлiктер үйi, 5-кiреберiс мекенжайы бойынша Министрлiктiң басшысына берiледi.

Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе дүйсенбi — жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейiн Министрлiктi кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

ХҚО қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына берiледi.

Шағымның қабылданғанын растау нөмiрi, күнi, оны қабылдаған тұлғаның тегi, байланыс деректерi, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзiмi, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерi көрсетiлген талонды бере отырып (мөр табаны, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе ХҚО-ның кеңсесiнде тiркеу болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны белгiлеу және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе ХҚО-ның басшысына жiберiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымының портал арқылы қабылданғанын растау оны тiркеу туралы хабарлама болып табылады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» шағым туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе ХҚО-ның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошталық байланыс арқылы жiберiледi немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе ХҚО-ның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамамен белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн қызметтердi көрсетудiң ерекшелiктерiн есепке ала отырып өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және ХҚО үй-жайларында мүмкiндiгi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар (пандустар және лифтiлер) көзделген.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — www.mz.gov.kz, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде;

ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетiмдiлiк режимiнде порталдағы «жеке кабинетi», сондай-ақ Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.

17. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Жүктеу (DOCX 31 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 04.12.2017 09:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.10.2019 14:24
Қаралым саны: 895

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz