A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
10-қосымша

"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi денсаулық сақтау субъектiлерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштердi қабылдау және олардың нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 30 (отыз) минуттан аспайды;

2) құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минуттан аспайды.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тiкелей жүгiнген кезде сол күнi көрсетiледi. Бұл ретте, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға сұрау салу көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс уақытына 2 сағат қалғанға дейiн берiлуi қажет (жұмыс күндерi сағат 18.00-ге дейiн).

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргiзу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10964 болып тiркелген) сәйкес денсаулық сақтау субъектiлерiнен берiлетiн еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ;

2) порталға — электрондық форматта жүгiнген кезде — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi -ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек кодексiне сәйкес демалыс (жексенбi) және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында үзiлiссiз 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыларды қабылдау кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу мен жеделдетiп қызмет көрсету көзделмеген.

2) портал — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жеке басын сәйкестендiру үшiн жеке басын куәландыратын құжат;

2) порталға: электрондық құжат түрiнде сұрау салу.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты беру үшiн медициналық көрсетiлiмдер болмаған кезде.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне): мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына шағым беру арқылы шағымданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, шағымның тiркелуi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңесiнде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымымен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң үй-жайларында орналастырылған.

14. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

15. Көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.

Мақаланың шыққан күні: 30.11.2017 17:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.12.2019 17:08
Қаралым саны: 1411

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz