A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы 07 қарашадағы
№ 627 бұйрығына
2-қосымша

«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 15.05.2018 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы" (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) орналасқан жерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — 3 (үш) жұмыс күнi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң орналасқан жерiнде болмаса — 8 (сегiз) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi өткенге дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын жеткiзудi қамтамасыз етедi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 (жиырма) минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 (он бес) минут;

3) көрсетiлген қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5717 болып тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес;

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Құжаттарды қабылдау көрсетiлетiн қызмет алушының таңдауы бойынша "электронды" кезек тәртiбiнде, жеделдетiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезектi броньдаға болады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның заңды өкiлiнiң) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымы басшысының атына техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру туралы өтiнiшi;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (түпнұсқасы сәйкестендiру үшiн талап етiледi).

Құжаттардың қабылданғандығын растау осы мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөнi, сондай-ақ мөрi, кiрiс нөмiрi мен күнi көрсетiлген қолхат беру болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияға:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның заңды өкiлiнiң) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымы басшысының атына техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру туралы өтiнiшi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады және оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдайды.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.

Құжаттар Мемлекеттiк корпорация арқылы қабылданған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн бiр ай iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлген қызметтi берушiге тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң жүгiнген жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның сұранысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың дұрыс еместiгi анықталған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда:

көрсетiлетiн қызметтi берушi еркiн нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органның, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша Министрлiк басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң шешiмiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорацияның басшысына жiберiледi.

Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануын растауоның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияға түскен көрсетiлетiн қызмет алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижесi туралы дәлелдi жауап пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсесiнде немесе Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Шағымдар портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" мемлекеттiк қызметтi берушiнiң шағымды өңдеу барысында (жеткенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Заңнамада белгiленген тәртiппен өз-өзiне қызмет көрсетудi, өздiгiнен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетiлетiн қызметтi алушылардан 1414, 8 800 080 7777 бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар қабылдауды көрсетiлетiн қызметтi алушының тұратын жерiне бара отырып, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.edu.gov.kz;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.con.gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

16. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.edu.gov.kz және бiрыңғай байланыс орталығының www.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Жүктеу (DOCX 20 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 15.07.2019 09:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.07.2019 09:41
Қаралым саны: 465

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz