A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
5-қосымша

"Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiмен өтiнiштердi қабылдау және көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiн беру www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) құжаттардың пакетiн порталға тапсырған сәттен бастап — 30 (отыз) минут;

2) құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегi нысанда диспансерлiк есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама.

Анықтама "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тiркелiмi" деректер базасында тексеруден кейiн берiледi.

Анықтаманың жарамдылық мерзiмi — күнтiзбелiк 10 күн.

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

портал — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек кодексiне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтердi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн порталға қажеттi құжат:

электрондық құжат нысандағы сұрату.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) нақты еместiгiн анықтау мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негiз болып табылады.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне): мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына шағым беру арқылы шағымданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, шағымның тiркелуi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңесiнде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымымен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң үй-жайларында орналастырылған.

14. Көрсетiлген қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Жүктеу (DOCX 24 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 04.12.2017 10:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.10.2019 14:39
Қаралым саны: 1002

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz