A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
8-қосымша

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме

беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi көшiрме беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi стационарлық көмек көрсететiн медициналық ұйымдар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсету қызмет нәтижелерiн беру:

1) қызметтi берушi арқылы;

2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

2) қызмет алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — үзiндi көшiрме берiлген сәттен бастап 60 (алпыс) минут.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетiлетiн қызметтi берушiге тiкелей жүгiнген кезде жүгiнген күнi көрсетiледi. Бұл ретте мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға сұрау салу көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмысы аяқталғанға дейiн 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндерi сағат 18.00-ге дейiн).

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi:

1) тiкелей көрсетiлетiн қызметтi берушiге "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрi — Қағида) бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелдi) нысан бойынша қағаз түрiнде, ординатор дәрiгер қол қойған, жеке дәрiгердiң мөрiмен және қызметтi берушiнiң мөрiмен расталған медициналық картадан жазылып берiлетiн үзiндi;

2) порталға жүгiнген кезде электрондық форматта — жеке кабинетте электрондық өтiнiм мәртебесi түрiнде хабарлама.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс сенбi және жексенбi және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында дүйсенбi — жұма — үзiлiссiз сағат 8.00-ден бастап 17.00-ге дейiн.

Қабылдау кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу мен жеделдетiп қызмет көрсету көзделмеген;

2) портал — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтердi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

тiкелей жүгiнген кезде жеке басын сәйкестендiру үшiн — жеке басын куәландыратын құжат;

2) порталға:

электрондық нысанда сұрау салу.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

9-1. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтауы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне): мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына шағым беру арқылы шағымданады.

Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, шағымның тiркелуi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, немесе Министрлiктiң кеңесiнде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмысы күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң үй-жайларында орналастырылған.

13. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

14. Көрсетiлген қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинетiнен" қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.

Мақаланың шыққан күні: 30.11.2017 17:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.12.2019 16:58
Қаралым саны: 1205

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz