A- A A+
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 272 бұйрығына
1-қосымша

"Дәрiгердi үйге шақыру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Дәрiгердi үйге шақыру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымдар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге өтiнiштердi қабылдау және олардың нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi (тiкелей немесе көрсетiлетiн қызметтi алушының телефоны бойынша өтiнiш берген кезде);

2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi: көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш берген кезде:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 (он) минуттан аспайды;

2) құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 10 (он) минуттан аспайды;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 10 (он) минуттан аспайды.

портал арқылы өтiнiш берген кезде:

көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсырған сәттен бастап — 30 (отыз) минуттан аспайды.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетiлетiн қызметтi берушiге тiкелей жүгiнген кезде немесе телефон байланысы арқылы жүгiнген күнi көрсетiледi. Бұл ретте мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға сұраныс көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмысы аяқталғанға дейiн 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндерi 18.00-ге дейiн, сенбi күнi 12.00-ге дейiн).

Электрондық форматта мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет порталға жүгiнген күнi көрсетiледi. Бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсетуге сұраныс көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмысы аяқталғанға дейiн 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндерi 18.00-ге дейiн, сенбi күнi 12.00-ге дейiн).

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

1) тiкелей немесе телефон байланысы арқылы жүгiнген кезде — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шақыруларды тiркеу журналында жазылу және дәрiгердiң келетiн күнiн, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электронды форматта жүгiнген кезде — жеке кабинетiнде электрондық өтiнiм статусы түрiнде хабарлама.

Бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға белгiленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетiледi.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — Қазақстан Республикасының еңбек кодексiне сәйкес демалыс (жексенбi) және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — сенбi аралығында (дүйсенбi — жұма — үзiлiссiз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн, сенбi — сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн);

2) портал — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек кодексiне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

тiкелей жүгiнген жағдайда сәйкестендiру үшiн жеке басын куәландыратын құжат;

2) порталға:

электрондық нұсқадағы сұраныс.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

9-1. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтауы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне): мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, Министрлiктер үйi, № 5 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiк басшысының атына шағым беру арқылы шағымданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) көрсетiле отырып, шағымның тiркелуi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, немесе Министрлiктiң кеңесiнде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмысы күнi iшiнде қаралуға жатады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады.

Электрондық өтiнiш портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шағымды өңдеуi барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлген қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлген қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

13. Қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

14. Көрсетiлген қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.

15. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Жүктеу (DOCX 27 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 30.11.2017 16:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.10.2019 14:13
Қаралым саны: 1052

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А

8 (7162) 25-51-87

oblzdrav@kokshetau.online.kz